«АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ» АЭА АУМАҒЫНДА "ТЕҢІЗ ПОРТЫ" КЕДЕН БЕКЕТІ БАСШЫЛЫҒЫН ЖӘНЕ АЭА ҚАТЫСУШЫЛАРЫН ШАҚЫРУМЕН ЖИНАЛЫС ӨТТІ

Бүгін «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында «Теңіз порты» кеден бекеті басшылығының және АЭА қатысушыларының шақыруымен АЭА аумағында орналасқан компаниялардың қызметін кедендік реттеу мәселелері бойынша жиналыс өтті. Жиналысқа АЭА қатысушыларының - "SATEX CHEMIE" ЖШС, "KazEcoBuild" ЖШС, "Topan Chemical Industries" ЖШС, "Евро-Плита" ЖШС, "КИС Актау" ЖШС, "Каспий Тас Жол" ЖШС, "ДСК Қараойқұрылыс" ЖШС, "Азерсун өндіріс және логистика орталығы" ЖШС, "Ақтау Керамзит" ЖШС, "Westecoplast" ЖШС, "Sembol Aktau" ЖШС, "Dream Village" ЖШС басшылары, бас бухгалтерлері, кедендік брокерлері қатысты.

Кездесуде Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасының ең өзекті мәселелері, тауарларды декларациялау, уақытша сақтау қоймаларын ұйымдастыру мүмкіндіктері және басқа да мәселелер талқыланды.

АЭА қатысушылары кедендік ресімдеу рәсімдерін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасады.

Жиналыс қорытындысы бойынша барлық ұсыныстарды жүйелеу және оларды одан әрі уәкілетті органдарға жолдау туралы келiсiмге қол жеткізілді.

Жақын арада Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдерімен АЭА аумағында орналасқан кәсіпорындарға салық салу мәселелері бойынша кездесу жоспарланған.

 

Қайнар көзі: "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ баспасөз қызметі. 

Желілерде бөлісу:

  • 208